"Kaspi Bank" АҚ 2018 жылдың 01 қазанындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды

15.10.18 17:18
/KASE, 15.10.18/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Kaspi Bank" АҚ (Алматы, бұдан әрі – компания) биржаға өзінің акцияларын ұстаушыларының тізілімі жүйесінің 2018 жылдың үшінші тоқсанында болып өткен өзгерістерін ескере отырып, 2018 жылдың 01 қазанындағы жағдайы бойынша үзінді көшірмесін ұсынды. Үзінді көшірмеге сәйкес: - компанияның жарияланған KZ1C59850012 жай акцияларының жалпы саны 157 500 000 дана, артықшылықты KZ1P59850118 акцияларының саны – 52 500 000 дана; - компанияның барлық жай акциялары және 42 000 000 артықшылықты акциялары орналастырылған; - банк өзінің 12 320 000 жай акцияларын қайта сатып алды; - банктің орналастырылған акцияларының жалпы санынан бес және одан көп пайызы көлеміндегі акциялар санына иеленген тұлғалар: Ким В.К.(58,7%), Ломтадзе М. (7,88%), ASIA EQUITY PARTNERS LIMITED (27,25%). [2018-10-15]