"Tengri Bank" АҚ және WorldBusiness Capital 15,0 млн АҚШ долларына несие келісіміне қол қойды

03.10.18 18:05
/KASE, 03.10.18/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының ресми тізімінде тұрған "Tengri Bank" АҚ (Алматы), Биржаға төмендегі туралы хабарлады: цитата басы 2018 жылдың 31 тамызында "Tengri Bank" АҚ ("Банк") және WorldBusiness Capital Inc. ("WBC") 15 миллион АҚШ долларына несие келісімне қол қойды. Аталмыш несие Overseas Private Investment Corporation ("OPIC"), АҚШ Үкіметінің дамуын қаржыландыру институты жартылай кепілдендірілген. Аталмыш несие шағын және орта бизнесті қаржыландыруға пайдаланылады. цитата соңы Толық ақпарат KASE интернет-сайтында – http://kase.kz/files/emitters/DNBN/dnbn_reliz_031018_1.pdf мекен-жайында жарияланған. [2018-10-03]