Қазақстан қор биржасында "Қазақстан темір жолы" Ұлттық компаниясы" АҚ KZP03M75F219 (KZ2C00004380, TMJLb5) облигацияларын орналастырып, жазылым арқылы 75,0 млрд теңгені тартты

25.09.18 19:08
/KASE, 01.10.18/ – Бұрын хабарлағандай, бүгін Қазақстан қор биржасы (KASE) Қазақстан қор биржасы "Жазылым" сауда-саттық жүйесі модулінде "Қазақстан темір жолы" Ұлттық компаниясы" АҚ (Астана) KZP03M75F219 (KZ2C00004380, KASE негізгі сауда-саттық алаңы, "облигациялар" санаты, TMJLb5; 1 000 теңге, 75,0 млрд теіге; 25.09.18 – 15.11.24, жылдық купон, жылдық 9,25 %, 30/360) алғашқы рет жазылым жүргізу арқылы орналастырылады. Аталмыш ноттарға жазылым жүргізу кезінде сатушы ретінде Қазақстан Халық банкінің еншілес ұйымы "Halyk Finance" АҚ (Алматы) қатысады. Жазылым арқасында өтінім қабылдау 2018 жылдың 25 қыркүйегінде алматы уақытымен 10:00 -ден 18:00 –ге дейін жүргізіледі. Орналастырылған облигациялардың номиналдық көлемі – 75 000 000 000,0 теңге. Өтінімде бағасы ретінде бағалы қағаздардың номиналдық құнынан пайызбен көрсетілген, төртінші белгіге дейін дәлдікпен көрсетілген облигациялардың "таза бағасы" көрсетілуі тиіс. Өтінімдерді жинақтау аяқталған сәтте сауда-саттық жүйесіне барлық орналастыруға ұсынылған көлемнің көлеміне бір өтінім келіп түсті. Өтінім белсенді деп танылды. Берілген өтінімдегі "таза емес" бағасы бір облигацияға 100,00 %( жылдық 9,25 %) құрады. Орналастыру нәтижесі бойынша өтінім толық көлемде қанағаттандырылды. Орналастыру көлемі бойынша өтнім толық көлемде қанағаттандырылды. Сонымен, эмитент 75 000 000 облигацияны "таза емес бағамен" 100,00 % 75 000 000 000,00 теңгеге орналастырды. "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" (Алматы) мәліметтеріне сәйкес барлық мәмілелер аталмыш ноттарға жазылым нәтижелері бойынша аталмыш ақпарат жарияланған сәтте есептелді, жазылым аяқталды. [2018-10-01]