25 қыркүйекте Қазақстан қор биржасында "Қазақстан темір жолы" Ұлттық компаниясы" АҚ KZP03M75F219 (KZ2C00004380, TMJLb5) облигацияларына жазылым жүргізіледі

24.09.18 18:00
/KASE, 24.07.18/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) хабарлайды: 2018 жылдың 25 қыркүйегінде KASE сауда-саттық жүйесінде "Қазақстан темір жолы" Ұлттық компаниясы" АҚ (Астана) KZP03M75F219 (KZ2C00004380, KASE негізгі сауда-саттық алаңы, "облигациялар" санаты, TMJLb5; 1 000 теңге, 75,0 млрд теңге; 75 айға дейін, жылдық купон, жылдық 9,25 %, 30/360) облигацияларына жазылым жүргізу арқылы бастапқы орналастырылуы жүргізіледі. Аталмыш облигацияларға жазылым өткізгенде сатушы ретінде Қазақстан Халық Банкінің еншілес ұйымы "Halyk Finance" АҚ (Алматы) болады. Орналастырылатын облигациялардың саны – 75 000 000 дана Өтінімде бағасы ретінде бағалы қағаздардың номиналдық құнынан пайызбен көрсетілген, төртінші таңбасына дейін дәлдікпен көрсетілген облигациялардың "таза бағасы" көрсетілуі тиіс. Өтінімде қаржы құралдарының саны ретінде данамен көрсетілген облигациялар саны көрмсетілуі тиіс. Сатып алушылар үшін берілген өтінімдердегі өткізу шарттары облигациялардың максималды саны үшін шектеулер белгіленбеген. Жазылым аясында өтінімдерді қабылдау 2018 жылдың 25 қыркүйегінде алматылық уақытпен (ALT) сағат 10:00-ден 13:30-ға дейін өткізіледі. Жазылым жүргізу кезіндегі бағалы қағаздың коды – TMJLb5. Жазылым шегінде, KASE сауда-саттық жүйесіне жабық әдіспен берілген, шектелімді өтінімдер қабылданады. Есеп айырысулар 2018 жылдың 25 қыркүйегінде жүзеге асырылады. Есептеулер "Орталық бағалы қағаздардың депозитарийі" АҚ жүзеге асырылады. Жазылымға қатысу үшін өтінімдер биржаға тек Қазақстан қор биржасының "қор" санаты бойынша мүшелері арқылы ғана беріледі. KASE мүшелерінің санаттар бойынша толық тізімі http://www.kase.kz/ru/membership мекен- жайында жарияланған. Бағалы қағаздарға жазылым жүргізудің ережесі KASE интернет-сайтында http://www.kase.kz/files/normative_base/rules_ipo.pdf мекен-жайында жарияланған. Толығырақ ақпарат KASE интернет-сайтында http://kase.kz/ru/bonds/show/ASBNb30/ мекен-жайында жарияланған. [2018-09-24]