KASE таңертеңгілік сессиясы: USDKZT_TOM = 362,52 (+0,70), USDKZT_TOD = 362,68 (+0,52), EURKZT_TOD = 423,00, RUBKZT_TOD = 5,5400 (+0,0440), CNYKZT_TOD = 52,6523

28.09.18 11:33
/KASE, 28.09.2018 / – Қазақстан қор биржасында (KASE) таңертеңгілік сауда-саттық сессиясы аяқталды. 01 қазаннан бастап 07 қазанға дейінгі аралықта Қытай Халық Республикасында (Күздің ортасы мерекесі) мерекелік күн болуына байланысты бүгін Қазақстан қор биржасында CNYKZT_0_001 және CNYKZT_0_002 қаржы құралының сауда-саттығы өткізілген жоқ. Сауда-саттыққа 18 банк қатысты. Спот-нарығындағы сауда-саттықтың қорытындысы бойынша: - есептесуі Т+1 теңгемен АҚШ долларының (USDKZT_TOD) орташа сараланған бағамы бір АҚШ долларына 362,52 (+0,70 теңге) теңге, сауда-саттық көлемі – 78 450 мың USD (+11 650 мың USD) құрады; - есептесуі Т+0 теңгемен АҚШ доллары долларының орташа сараланған бағамы бір АҚШ долларына 362,68 теңгені (+0,52 теңге) құрады, сауда- саттық көлемі – 8 500 мың USD (+4 000 мың USD ) болды; - есептесуі Т+0 теңгемен еуроның (EURKZT_TOD) орташа сараланған бағамы бір еуроға 423,0 теңгені құрады, сауда-саттық көлемі – 50 мың еуро болды; - есептесуі Т+0 теңгемен және АҚШ долларымен еуро бойынша мәміле жасалған жоқ, сессия жабылу сәтінде баға белгілеулер болған жоқ; - есептесуі Т+0 теңгемен (RUBKZT_TOD) ресей рубілінің орташа сараланған бағамы бір рубльге 5,5400 теңгені (+0,0440 теңге) құрады, сауда-саттық көлемі 5 000 мың рубль (+2 300 мың рубль) болды; - есептесуі Т+0 теңгемен қытай юанінің (CNYKZT_TOD) орташа сараланған бағам бір юаньға 52,6523 теңгені құрады, сауда-саттық көлемі – 400 мың юань болды. Осы хабарламада аталмыш трендтердің барлығы алдыңғы жұмыс күніндегі сәйкес құралмен салыстырмалы түрде берілген. Егер алдыңғы таңертеңгілік сессияда тиісті қаржы құралы бойынша мәмілелер жасалмаса немесе олардың сауда-саттығы өткізілмесе, тренд көрсетілмейді. Аталмыш құралдар үшін аталмыш сессия негізгі болып табылады. [2018-09-28]