Бүгін Қазақстан қор биржасында Kaspi.kz АҚ KZ1C59850012 (KZ1C00001536, KSPI) жай акцияларын сату бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық өткізіледі

21.09.18 09:20
/KASE, 21.09.18/ – Бұрын хабарлағандай, бүгін Қазақстан қор биржасының сауда-саттық жүйесінде Kaspi.kz АҚ (Алматы) KZ1C59850012 (KZ1C00001536, KASE негізгі сауда-саттық алаңы, "стандарт" санаты, KSPI) жай акцияларын сату бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық өткізіледі. ------------------------------------------------------------- Бағалы қағаздардың тұрпаты: жай акциялар Ұлттық сәкестендіру көмірі: KZ1C59850012 ISIN: KZ1C00001536 KASE сауда-саттық коды: KSPI Акциялардың жалпы саны, дана: – жарияланған: 157 500 000 – орналастырылған: 147 180 000 ----------------------------------- ------------------------- Сауда-саттық датасы: 21.09.18 Сатудың жарияланған көлемі, дана: 2 000 000 Лоттың көлемі, дана: 1 Сауда-саттық заты: акция бағасы Сатуға өтінімдердің түрі: шектелімді Өтінімдер беру амалы: ашық Өтінімдерді қабылдау кезеңі: 12:00–14:00 Өтінімдерді растау кезеңі: 12:00–14:30 Кесім уақыты: 21.09.18, 15:00 Төлау датасы мен уақыты: 21.09.18, 15:00 (Т+0) Өтінімдерді қанағаттандыру әдісі: кесімді бағаға тең, Биржаның қарсылама өтінімдерді қабылдау уақыты бойынша Өтіміндерді кесімдеу уақыты: бағалары тең немесе кесім бағасынан жоғары өтінімдер кесімделеді Сауда-саттық өткізудің бастамашысы: "Сентрас Секьюритиз" АҚ (Алматы) Сауда-саттық жүйесінің секторы Eqs_Liq_ST2 Сауда-саттық жүйесінің тобы Std_ST2_M ------------------------------------------------------------- Өтінімде баға ретінде, акциялардың теңгемен көрсетілген, үтірден кейінгі екінші таңбаға дейін дәлдікпен бір акцияның бағасы көрсетілуі тиіс. Өтінімдегі қаржы құралдарының саны ретінде акциялардың саны данамен белгіленуі тиіс. Өтінім көлемі акция саны мен өтінім бағасының көбейтіндісіне тең болуы тиіс. Қаржы құралының саны лот көлеміне тең немесе лот көлеміне бөлінетін болуы тиіс. Есептесулер "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ ережелер жиынтығына сәйкес жүзеге асырылады. Бағалы қағаздардың сатып алушысы сатып алынған бағалы қағаздарға төленетін ақшаның кестеде көрсетілген төлеу уақытқа "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ корреспонденттік шотында бар болуын қамтамасыз етуі тиіс. Сауда-саттыққа қатысуға тек KASE қор нарығының мүшелері өтінімдер бере алады. Өзге инвесторлар осы заңды тұлғалар арқылы өтінім бере алады. KASE қор нарығы мүшелерінің толық тізімі http://www.kase.kz/kz/membership мекен-жайы бойынша жарияланған. Аталмыш облигациялардың шығарылымы туралы толық ақпарат http://kase.kz/ru/shares/show/KSPI/мекен-жайында жарияланған. [2018-09-21]