"Qazaq Banki" АҚ бағалы қағаздары 2018 жылдың 21 қыркүйегінен бастап KASE ресми тізімінен шығарылады

20.09.18 16:29
/KASE, 20.09.18/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) "Qazaq Banki" АҚ (Алматы) төмендегі облигациялары 2018 жылдың 21 қыркүйегінен бастап төмендегі акциялары KASE ресми тізімінен шығарылатыны туралы хабарлайды: - KZ1C35860010 (KZ000A0Q31Q7, KASE негізгі сауда-саттық алаңы, "стандарт" санаты, SNBN) жай акциялары; - KZ2C0Y07F324 (KZ2C00003655, KASE негізгі сауда-саттық алаңы, "облигациялар" санаты, SNBNb1) облигациялары; KZ2C0Y15F640 (KZ2C00004117, KASE негізгі сауда-саттық алаңы, "облигациялар" санаты, SNBNb2) облигациялары. KASE 2018 эжылдың 13 қыркүйегіндегі қорытындысында, аталмыш бағалы қағаздарды делистингілеу мүмкіндігі туралы мәселені қарастыру үшін "Qazaq Banki" АҚ мәжбүрлеп тарату рәсімдері бастамасы негіз болғандығы туралы айтылған. Жоғарыда аталған негізінде және KASE ішкі құжаты "Листингілік ережелерінің" 2.2. қосымшасы 3 тарауының 1) тармағы 8) тармақшасына сәйкес аталмыш бағалы қағаздар делистингілеуге жатады. Бұрын осы тақырыпта 2018 жылдың 28 тамызында KASE жаңалығы "Ұлттық Банк "Qazaq Banki" АҚ бағалы қағаздар нарығында банктік және өзге де операциялар жүргізуге арналған лицензиясынан айырғаны туралы хабарлады" – http://kase.kz/ru/news/show/1380352/ [2018-09-20]