"Баспана" Ипотекалық ұйымы" АҚ KZ2C0M12F921 (KZ2C00004372, BASPb1) облигациялары KASE балама сауда-саттық алаңының "облигациялар" санаты бойынша листинг процедурасынан өтті

20.09.18 16:13
/KASE, 20.09.18/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясының 2018 жылдың 20 қыркүйегіндегі шешімімен "Баспана" Ипотекалық ұйымы" АҚ (Алматы) 0M12F921 (KZ2C00004372; 1 000 теңге, 20,0 млрд теңге; 370 күн; жылдық 8,50 %; облигацияны өтеген кезде айналым басталған күннен бастап алты айдан кейін төленеді, 30/360) индекстелген облигациялары KASE балама сауда-саттық алаңының "облигациялар" санаты бойынша листинг процедурасынан өтті. Эмитенттің "Листингілік ережелер" атты KASE ішкі құжатының 2.2 қосымшасының 5 тарауы 1 тармағында анықталған шарттарды орындағаннан кейін күшіне енеді. Сондай-ақ, аталмыш акциялардың биржадағы сауда-саттығы ашылғаны туралы қосымша хабарланады. "Баспана" Ипотекалық ұйымы" АҚ негізгі қызметі ипотекалық қарыз беру, факторинг операциялары. Аталмыш акцияларға тиісінше BASPb1. қысқартылған белгілері (сауда- саттық кодтары) берілді. Аталмыш акцияларды шығару туралы нақты ақпарат Листингілік комиссияның аталмыш шешімі күшіне енген соң KASE интернет-сайтында жарияланады. [2018-09-20]