"Цеснабанк" АҚ Standard & Poor’s агенттігінің банктің және оның облигацияларынң рейтингілік бағасын төмендеткені туралы хабарлады, болжам "Негативті"

19.09.18 10:07
/KASE, 19.09.18/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Цеснабанк" АҚ төмендегі туралы хабарлады: ... 17.09.2018ж. S&P Global Ratings рейтингілік агенттігі "Цеснабанк" АҚ ұзақ мерзімді рейтингін "В+" деңгейінен "В" деңгейіне дейін төмендетті. Болжам– "Негативті". Банктің қысқа мерзімді несие рейтингі "В" деңгейінде расталған. Банктің рейтингі ұлттық шкаламен "kzBBB" деңгейінен "kzBB+" деңгейіне дейін төмендеді. Облигацийялар рейтингі ҰСН KZP12Y10E084, KZP17Y05E083 "В+" деңгейінен "В" деңгейіне дейін төмендеді, ұлттық шкаламен рейтинг "kzBBB" деңгейінен "kzBB+" деңгейіне дейін төмендеді. ... Толық ақпарат KASE интернет-сайтында – http://kase.kz/files/emitters/TSBN/tsbn_change_rating_170918_17864.pdf мекен-жайында жарияланған. [2018-09-19]