АНОНС: 2018 жылдың 17 қыркүйегінен 17 қазанына дейін "Биржалық симулятор" атты білім беру жобасы аясында оқу сауда-саттығы өткізіледі

17.09.18 09:58
/KASE, 17.09.18/ – Қазақстан қор биржасы (KASE немесе Биржа) және Bloomberg компаниясы 2018 жылдың 17 қыркүйегінен 17 қазанына дейінгі кезеңде Қазақстанның және өзге елдердің жоғары оқу орындары студенттері үшін ұйымдастырылған Биржалық симулятор" атты білім беру жобасы аясында оқу сауда-саттығы өткізіледі. Оқу сауда-саттығы Қазақстан қор биржасында 2018 жылдың 17 қыркүйегінде астана уақытымен сағат 09:00 –да өтеді. "Биржалық симулятор" жобасының мақсаты – қаржы-экономикалық студенттер және өзге де өзінің кәсіби білімін жетілдіремін деуші мамандар үшін қаржылық сауаттылығын арттыру, сондай-ақ қор нарығында тәжірибелік дағдыларға үйрету. Оқу сауда-саттығы қорытындысы бойынша өзінің виртуалдық қоржынының кірістілік көрсеткішіне қол жеткізген студенттер жеңіске жетеді. Жақсы көрсеткішке қол жеткізген қатысушылар KASE серіктес ұйымдарында тәжірибеден өтуге мүмкіндік алады. Алғаш рет жоба 2008 жылы 29 шілдеде басталды, осы уақыт аралығында оқу сауда-саттығында Қазақстанның, таяу және алыс шет елдерден (Түркия, оңтүстік-Шығыс Азия, Ұлыбритания) 80 жоғарғы оқу орнында 4 500 студент қатысты. [2018-09-17]