/ҚАЙТАЛАУ/ 10 ҚЫРКҮЙЕКТЕН БАСТАП KASE ВАЛЮТАЛЫҚ НАРЫҒЫНДА БАҒАМ ҚҰРУ ҮШІН USDKZT_TOM ҚҰРАЛЫ ҚОЛДАНЫЛАДЫ

07.09.18 11:40
/KASE, 07.09.18, 20.08.18 жаңалығын қайталау/ – Қазақстан қор биржасы (KASE немесе Биржа) 2018 жылдың 10 қыркұйегінен бастап, KASE шет елдік нарығында бағам құру үшін есептесуі теңгемен АҚШ доллары бойынша келесі жұмыс күнгі (Т+1) – USDKZT_TOM сауда-саттық қорытындысы қолданылады. Осы күнге дейін бағам құрушы құрал ретінде ұлттық валютаның долларға орташа сараланған биржалық бағамы (Т+0) – USDKZT_TOD сауда-саттық күнгі есептеулермен қолданылып келді. Аталмыш өзгертудің мақсаты – теңге бағамын айырбастауда еркін қозғалысы режимінде шет елдік валюталар нарығында неғұрлым репрезентативті индикатор құру болып табылады. Тиісті түзетулер Биржаның ішкі құжаттары "Сауда-саттық және Растау жүйесі жұмысы Регламенті" және "Шет елдік валюталар индикаторларын есептеу әдістемесіне" енгізілді. USDKZT_TOM құралы үшін Биржаның таңертеңгілік сауда-саттық сессиясы негізгі болып табылады, күндізгі - қосымша. KASE шет елдік валюталарының қалған құралдары үшін "негізгі" және "қосымша" түсініктері сауда-саттық сессиясында қолданылмайды. Аталмыш күннен бастап, астана уақытымен 15:30 – да, қор биржасының екі сауда-саттық сессиясының – таңертеңгі (негізгі) және күндізгі (қосымша) сессиясының қорытындысы бойынша қалыптасқан ұлттық валютаның АҚШ долларына қатысты есептесуі Т+1 (USDKZT_TOM) орташа сараланған биржалық бағамы сауда-саттық өткізілген күннің ертесіндегі жұмыс күні ұлттық валютаның АҚШ долларына қатысты ресми бағамы ретінде белгіленеді. Қазақстан қор биржасында шет елдік валютамен сауда-саттық қорытындысы Биржаның интернет-сайтында http://kase.kz/ru/currency/ мекен-жайында жарияланады. KASE нарыққа қатысушылардың назарын таңертеңгі сессияның қорытындысы бойынша есептелген, есептесуі Т+1 теңгемен АҚШ долларының орташа сараланған бағамын Биржа KASE ішкі құжаттарында қарастырылған, ағымдағы күні әлем валютасының негізгі резервтік валютадағы құнын анықтайтын көрсеткіш ретінде қарастырылған, түрлі мақсаттарға пайдалануға арналғанына аударады. Шет елдік валютамен сауда-саттық регламенті интернет-сайтта http://kase.kz/ru/reglament/ мекен-жайында жарияланған. Сауда-саттық және Растау жүйесі жұмысы Регламенті мәтіні http://kase.kz/files/normative_base/reglament_trade.pdf мекен-жайында жарияланған. Шет елдік валюталар индикаторларын есептеу әдістемесі мәтіні http://kase.kz/files/normative_base/ind_currency.pdf мекен-жайында жарияланған. [2018-09-07]