АНОНС: 2018 ЖЫЛДЫҢ 20 ҚЫРКҮЙЕГІНДЕ KASE "КОРПОРАТИВТІК БАСҚАРУ НЕГІЗДЕРІ" АТТЫ СЕМИНАР ӨТКІЗЕДІ

05.09.18 09:58
/KASE, 05.09.18/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2018 жылдың 20 қыркүйегінде International Finance Corporation World Bank Group және "Governance & Management Consulting" ЖШС бірлесіп, "Корпоративтік басқару негіздері" атты семинар өткізетіні туралы хабарлайды. Өтетін орны: Байзақов көшесі 280, "Almaty Towers" Көп салалы кешенінің Солтүстік ғимараты, 1-ші қабат, KASE мәжіліс залы. Өтетін уақыты – алматы уақытымен 10:00 -ден 13:00- ге дейін. Семинарға қатысу тегін. Әс-шараның спикерлері International Finance Corporation World Bank Group және "Governance & Management Consulting" ЖШС. Тыңдаушылар компанияның тұрақтылығын арттыру үшін және оның инвестициялық тартымдылығын жақсарту мақсатында тиімді корпоративтік басқаруды құру саласында қосымша білім ала алады. Қатысу үшін 2018 жылдың 18 қыркүйегінен кешікпей, тиісті өтінімді customers@kase.kz жіберу арқылы тіркелу қажет. Өтінімде келесі мәліметтерді көрсету қажет: - компанияның атауы; - қызметкердің аты-жөні; - лауазымы және қызметкер жұмыс істейтін компания бөлімшесінің атауы; - қызметкердің байланыс мәліметтерін (қалауы бойынша). Барлық мәселелер бойынша +7 (727) 237 5300 (вн. 1153), +7 (727) 237 5320 телефондарына хабарласуға болады. [2018-09-05]