2018 жылдың 01 қазанннан бастап қор нарығының индикаторларын есептеу әдістемесіне толықтырулар қолданысқа енеді

17.08.18 16:55
/KASE, 17.08.18/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) 2018 жылдың 25 шілдесіндегі шешімімен 2018 жылдың 01 қазанынан бастап қолданысқа енгізілетін KASE ішкі құжаты "Қор нарығының индикаторларын есептеу әдістемесіне" (Әдістеме) № 1 өзгертулер мен толықтырулар (түзетулер) бекітілді. Аталмыш түзетулер KASE_BM* сериялы корпоративтік облигациялар нарығындағы индикаторлардың мәніне бір эмитенттің облигацияларының әсерін шектеу мақсатында енгізілді. Жаңартылған Әдістеме мәтіні KASE интернет-сайтында 2018 жылдың 15 қыркүйегінен бастап жарияланады. [2018-08-17]