KASE Директорлар кеңесі Шетел валюталарының сауда-саттықтары бойынша есептесулерді жүзеге асыру ережесін бекітті

16.08.18 16:41
/KASE, 16.08.18/ – Қазақстан қор биржасының (KASE немесе Биржа) Директорлар кеңесінің 2018 жылдың 15 тамызындағы шешімімен "Шетел валюталарының сауда-саттықтары бойынша есептесулерді жүзеге асыру ережелеріне" атты KASE ішкі құжаты бекітілді. Ереже Қазақстан қор биржасының валюталық нарығында орталық контрагенті ретінде қызметін бастаған күннен бастап қолданысқа енгізіледі, ол туралы қосымша хабарланады. Ереженің жаңа редакциясы қолданыстағы ережені актуалдандыру мақсатында әзірленген және келесі негізгі өзгерістер енгізілген: - Клирингтік қатысушылардың мәмілелерді орындауды қамтамасыз ету әдістерінің түсініктемесі енгізілді (қамтамасыз етусіз, жартылай қамтамасыз етумен, толық жабу), маржалық қамтамасыз ету және маржиналдық талаптар; - Клирингтік қатысушылардың санатына қарай Клирингтік қатысушылардың есептеулерін жүзеге асыру ерекшеліктері анықталды; - Сауда-саттыққа қатысушылардың есептеулерді жүзеге асырудың қолданыстағы режимдерін сипаттайтын нормалар есептен шығарылды; - сауда-саттыққа қатысушылардың және KASE төлемдерді жүзеге асыру рәсімдері анықталды; - төлем тәртібін бұзуға қатысты нормалар анықталды. Ережелердің жаңартылған мәтіні KASE интернет-сайтында жақын уақытта жарияланады. [2018-08-16]