2018 жылдың 03 тамызынан бастап Облигациялардың кірістілігін және облигациялармен мәмілелер сомасын есептеу әдістемесіне және "Қазақстан қор биржасы" АҚ мүшелерін және олардың шоттарына, қаржы құралдары мен эмитенттердің бағалы қағаздарын кодтау тәртібі туралы нұсқаулыққа кодтау тәртібі туралы нұсқаулыққа түзетулер енгізілді

13.08.18 17:21
/KASE, 13.08.18/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) 2017 жылдың 02 тамызындағы шешімімен, KASE ішкі құжаты "Облигациялардың кірістілігін және облигациялармен мәмілелер сомасын есептеу әдістемесіне" (Әдістемесі) №1 толықтырулар және "Қазақстан қор биржасы" АҚ мүшелерін және олардың шоттарын, қаржы құралдары мен эмитенттердің бағалы қағаздарын кодтау тәртібі туралы нұсқаулыққа" (Нұсқаулық) №1 толықтырулар 2018 жылдың 03 тамызынан бастап бекітілді. Аталмыш толықтырулар еурооблигациялармен валюта шығарылымы бойынша есептеулермен сауда-саттық жүргізуді көздеген, жобаны жүзеге асыру мақсатында енгізілген. Әдістемеге толықтырулармен мәміле сомасы шет елдік валютамен номинацияланған, есептеулер шығарылым валютасымен жүзеге асырылатын, теңгемен қайта есептелмейтін, халықаралық облигациялармен мәміле сомасына сәйкес норманы қосуды қарастырады. Нұсқаулыққа толықтыру сомасы шет елдік валютамен номинацияланған, есептеулер шығарылым валютасымен жүзеге асырылатын, халықаралық облигацияларға код беру тәртібін анықтайды. Әдістеменің жаңартылған мәтіні KASE интернет-сайтында http://kase.kz/files/normative_base/bond_yield.pdf мекен-жайында жарияланған. Нұсқаулықтың жаңартылған мәтіні KASE интернет-сайтында http://kase.kz/files/normative_base/code_fins.pdf мекен-жайында жарияланған. [2018-08-13]