"АСЫЛ-ИНВЕСТ" АҚ Қазақстан қор биржасының "қор" және "деривативтер" санаты бойынша өз еркімен мүшеліктен шығарылды

16.07.18 16:31
/KASE, 16.07.2018/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Биржалық кеңесінің шешімімен "АСЫЛ-ИНВЕСТ" АҚ 2018 жылдың 16 шілдесінен бастап биржаның "қор" және "деривативтер" санаты бойынша мүшелігінен шығарылды. Яғни, "АСЫЛ-ИНВЕСТ" АҚ бұдан кейін биржаның мүшесі болып табылмайды және шет ел валютасымен биржалық сауда-саттыққа қатыса алмайды. "АСЫЛ-ИНВЕСТ" АҚ міндеттемесі бойынша құқықтық мирасқоры болып табылатын, "Фридом Финанс" АҚ ресми хатының негізінде "Мүшелік туралы қағида" KASE ішкі құжатының 12 бабы 3) және 4) тармағы 1) тармақшасына сәйкес қабылданды. [2018-07-16]