"Цеснабанк" АҚ өзінің KZP04Y07C362 (KZ2C00001642, TSBNb10) облигацияларын өтегені туралы хабарлады

05.07.18 16:36
/KASE, 05.07.18/ - "Цеснабанк" АҚ (Астана) 2018 жылдың 04 шілдесінде өзінің KZP04Y07C362 (KZ2C00001642, TSBNb10) облигацияларын өтегені, сондай-ақ, өтеу шегінде аталмыш облигациялар бойынша соңғы - купондық сыйақысын төлегені туралы Қазақстан қор биржасына (KASE) хабарлады. Аталмыш хабарламаға сәйкес аталмыш облигациялар бойынша төлемдердің жалпы сомасы 4 350 403 200 теңгені, соның ішінде негізгі қарыздың (облигациялардың жиынтық номиналды құнының) сомасы – 4 183 080 000 теңгені, купондық сыйақысы – 167 323 200 теңгені құрады. [2018-07-05]