KASE "Kaspi Bank" АҚ KZP05Y05E054 (KZ2C00002111, CSBNb14) облигацияларын, айналыста болу мерзімі аяқталуына байланысты KASE_BM* сериясы индекстерінің өкілетті тізімінен алып тастады

20.06.18 15:33
/KASE, 20.06.18/ – "Қазақстан қор биржасы" АҚ (KASE) 2018 жылдың 13 маусымынан бастап "Kaspi Bank" АҚ (Алматы) KZP05Y05E054 (KZ2C00002111, KASE негізгі сауда-саттық алаңы, "коммерциялық облигациялар" санаты, CSBNb14, 100 тенге, 1,6 млрд тенге; 21.06.13 – 21.06.18, тиянақталған жарты жылдық купон жылдық 8,00 %, 30/360) облигацияларын, айналыста болу мерзімі аяқталуына байланысты, негізгі алаңның өкілеттік тізімінен (KASE_BM* серия) алып тастады. 2018 жылдың 20 маусымынан бастап KASE_BМ* индексінің өкілеттік тізімі 42 атаудағы облигациядан тұрады. KASE_ BMY – корпоративтік облигациялардың кірістілік индексі. KASE_BМC – корпоративтік облигациялардың бағалары бойынша (жинақталған, бірақ төленбеген) сыйақысын есепке алмай ("таза" бағасы бойынша) есептелетін бағалар индексі. KASE аталмыш индекстердің барлығын күніне бір рет, корпоративтік облигациялардың сауда-саттық нәтижелері бойынша есептейді. Индекстерді есептеу әдістемесі "Қор нарығының индикаторларын есептеу әдістемесі" атты KASE ішкі құжатымен реттеледі, осы құжатпен KASE интернет-сайтында http://www.kase.kz/files/normative_base/indicators_met.pdf мекен-жайы бойынша танысуға болады. [2018-06-20]