"Компания Фаэтон" АҚ KZP02Y07F484 (KZ2P00004286, FATNb2) облигациялары KASE балама сауда-саттық алаңының "облигациялар" санаты бойынша листинг процедурасынан өтті

18.06.18 17:28
/KASE, 18.06.18/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясының 2018 жылдың 24 мамырындағы шешімімен "Компания Фаэтон" АҚ (Алматы) KZP02Y07F484 (KZ2P00004286; 1 000 теңге, 3,0 млрд теңге; 7 жыл; жартыжылдық купон, жылдық 11,00 %; 30/360) индекстелген облигациялары KASE балама сауда-саттық алаңының "облигациялар" санаты бойынша листинг процедурасынан өтті. Эмитенттің "Листингілік ережелер" атты KASE ішкі құжатының 2.2 қосымшасының 5 тарауы 1 тармағында анықталған шарттарды орындағаннан кейін күшіне енеді. Сондай-ақ, аталмыш акциялардың биржадағы сауда-саттығы ашылғаны туралы қосымша хабарланады. Аталмыш облигациялардың шығарылымы Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінде 2017 жылдың 17 наурызында жалпы сомасы 7,5 млрд теңгеге тіркелген, бірінші облигациялық бағдарлама аясында екінші және KASE листинг процедурасынан өткен, аталмыш эмитенттің облигацияларының екінші шығарылымы болып табылады. Аталмыш облигацияларды ұстаушы өкілі "Сентрас Секьюритиз" АҚ (Алматы) болып табылады. Аталмыш акцияларға тиісінше FATNb2 қысқартылған белгілері (сауда- саттық кодтары) берілді. Аталмыш акцияларды шығару туралы нақты ақпарат Листингілік комиссияның аталмыш шешімі күшіне енген соң KASE интернет-сайтында жарияланады. [2018-06-18]