KASE 15 МАУСЫМНАН БАСТАП KASE PRIVATE MARKET АЛАҢЫН ІСКЕ ҚОСТЫ

15.06.18 17:38
/KASE, 15.06.18/ – Қазақстан қор биржасы (KASE немесе Биржа) 2018 жылды 15 маусымынан бастап "KASE Private Market" алаңын іске қосты. KASE Private Market алаңы ұйымдастыру - құқықтық нысаны жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (ЖШС) шағын және орта бизнес субъектілеріне жария компания мәртебесін алу қажеттілігінсіз балама қаржыландыру көздерін ұсынуға арналған. KASE Private Market алаңына рұқсатты келесі өлшемдерге сәйкес келетін ЖШС ала алады: - соңғы аяқталған екі қаржылық жыл ішінде өнімді сатудан (қызмет көрсету, жұмысты орындау) кіріс алған; - халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес қаржылық есептілігін жасалған; - Биржа мойындаған аудиторлық ұйымдардың тізімінде орналасқан аудиторлық ұйымдардың қауржылық есептілігіне аудит жүргізілген. Осы оқиғаға арналған баспасөз хабарламасы KASE интернет-сайтында http://kase.kz/files/press/ru/15_06_2018_KASE_Private_Market_rus.pdf мекен- жайында жарияланған. [2018-06-15]