"Банк ЦентрКредит" АҚ KZ2С0M12F855 (KZ2С00004331, CCBNb31) облигациялары KASE ресми тізімінің KASE негізгі сауда-саттық алаңының "коммерциялық облигациялар" санатына 18 маусымынан бастап енгізілді

18.06.18 12:22
/KASE, 18.06.18/ – Бұрын хабарлағандай, бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясының 2018 жылдың 02 наурызындағы шешімімен "Банк ЦентрКредит" АҚ (Алматы) KZ2С0M12F855 (KZ2С00004331; 100 теңге, 15,0 млрд теңге; 12 ай; 30/360) облигациялары KASE ресми тізімінің "коммерциялық облигациялар" санаты бойынша енгізуге келісім берілді: Листингілік комиссиясының аталмыш шешімі 2018 жылдың 18 маусымынан бастап, эмитенттің Листингілік ережелерінің 5 тарауының 1 тармағы 2.2 қосымшасында анықталған шарттарды орындауына байланысты, күшіне енгізілді. Сондай-ақ, аталмыш облигациялардың биржадағы сауда-саттығы ашылғаны туралы қосымша хабарланады. Аталмыш облигациялардың ұстаушы өкілі "Сентрас Секьюритиз" АҚ (Алматы) болып табылады. Аталмыш облигацияларға тиісінше CCBNb31 қысқартылған белгілері (сауда-саттық кодтары) берілді. Аталмыш облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпаратпен KASE интернет-сайтында http://kase.kz/ru/bonds/show/CCBNb31/ мекен- жайында танысуға болады. [2018-06-18]