KASE 2018 жылдың сәуір айындағы биржалық нарықтың жұмыс қорытындысына арналған, БАҚ өкілдері үшін медиа-брифинг өткізді

12.06.18 14:43
/KASE, 12.06.18/ – Қазақстан қор биржасы (KASE немесе Биржа) бүгін 2018 жылдың мамыр айындағы биржалық нарықтың жұмыс қорытындысына арналған статистикалық ақпарат ұсынылған, Бұқаралық ақпарат құралдары (БАҚ) өкілдері үшін медиа-брифинг өткізді. Ағымдағы жылдың мамыр айындағы сауда-саттықтың жиынтық көлемі 10 934,8 млрд теңгеге жетіп, алдыңғы айға қарағанда 10 % немесе 994,1 млрд теңгеге төмендеді. Бағалы қағаздар нарығы төмендеуін байқаймыз (3,9 есе) және қаржы нарығы (+13,3 %), шет елдік валютамен мәміле көлемі (-28 %) төмендеді. Бағалы қағаздар нарығы, шет елдік валюталар, қаржы (репо және валюталық своп) көрсеткіштері туралы толық ақпаратпен KASE интернет- сайтында Биржаның баспасөз хабарламасында – http://kase.kz/files/press/ru/12_06_2018_Itogi_May_rus.pdf мекен-жайында танысуға болады. [2018-06-12]