12 маусымда KASE 2018 жылдың мамыр айындағы биржалық нарықтың жұмыс қорытындысына арналған, БАҚ өкілдері үшін медиа-брифинг өткізеді

11.06.18 16:41
/KASE, 11.06.18/ – Қазақстан қор биржасы (KASE немесе Биржа) 2018 жылдың 12 маусымында сағат 10:00 – де 2018 жылдың мамыр айындағы биржалық нарықтың жұмыс қорытындысына арналған, Бұқаралық ақпарат құралдары (БАҚ) өкілдері үшін медиа-брифинг өткізеді. Аталмыш іс-шара KASE конференц-залында мына мекен-жайда өтеді: Алматы қ, Байзақов көш, 280, "Almaty Towers" көп салалы кешенінің Солтүстік ғимараты, 1-ші қабат, KASE жаңа пресс-румы. Іс-шараның спикері – KASE Басқармасы төрағасының орынбасары Андрей Цалюк. Биржа 2018 жылы өзінің мерейтойы қарсаңында 2016–2018 жылдарға арналған даму стратегиясын жүзеге асыру бойынша келесі негізгі бағыттар аясында жұмысын жалғастыруда: Биржаның клиенттерге бағытталуын және оның қызметтерін, тиімділік және бәсекеге қабілеттілігін арттыру. Биржаның ай сайын медиа-брифингтерді өткізуі оның ақпараттық айқындылық саясаты мен ашықтылығының бір бөлігі болып табылады. [2018-06-11]