2018 жылдың 01 қазанынан бастап Биржалық ақпаратты коммерциялық ұсыну шарттары туралы Қағидаға толықтырулар қолданысқа енгізіледі

08.06.18 16:43
/KASE, 08.06.18/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) 2017 жылдың 31 мамырындағы шешімімен, 2018 жылдың 01 қазанынан бастап күшіне енетін "Биржалық ақпаратты коммерциялық ұсыну шарттары туралы Қағидаға" (Қағида) атты KASE ішкі құжатына енгізілген № 3 толықтырулар (түзетулер) бекітілді. Аталмыш толықтырулар Қағиданың мәтініне "Корпоративтік оқиғалар" жаңа ақпараттық өнімінің сипаттамасы мен техникалық маманданымын енгізуге байланысты енгізілді. Аталмыш ақпараттық өнімде KASE листингілік компанияларының қызметіне (акционерлердің жалпы жиналысын өткізу, купондық сыйақы мен дивидендтер төлемі, облигациялар өтемі, бағалы қағаздарды кері сатып алу және орналастыру және басқа да ақпаратта) айтарлықтай ықпал ететін оқиғалар туралы ақпарат бар. Қағиданың жаңартылған мәтіні KASE интернет-сайтында таяу уақытта жарияланады. [2018-06-08]