/ҚАЙТАЛАУ/ АНОНС: 31 мамыр – 01 маусымда Астана қаласында ТМД және Балтика XV облигациялық конгрессі өтеді

29.05.18 09:36
/KASE, 29.05.18, 17.05.18 жаңалығын қайталау/ – Cbonds ақпараттық холдингінің құрамына кіретін Cbonds-Congress Компаниясы 31 мамыр – 01 маусымда Астана қаласында өтетін ТМД және Балтика XV облигациялық конгрессіне қатысуға шақырады. Іс-шара "Астана" халықаралық қаржы орталығының (АХҚО), "Астана Конвеншн Бюро" ЖШС және Астана қаласының әкімдігінің қолдауымен өтеді. Конгресс серіктестері мен демеушілері: "Қазақстан Халық Банкінің еншілес ұйымы "Halyk Finance" АҚ, Газпромбанк, ГК РЕГИОН, BCS Global Markets, "АҚ БАРЫС" Банк, Альфа-Банк, Мәскеу Биржасы, Clearstream, ICU, Saxo Bank, "Банк ЦентрКредит" АҚ еншілес ұйымы "BCC Invest" , "Цесна Капитал" АҚ, "Қазақстан қор биржасы" (KASE) және т.б. Конгресс Бағдарламасына келесі тақырыптар бойынша сессиялар кіреді: - Қазақстан Республикасының қаржы нарығын реттеу және оның инфрақұрылымы; - Қаржы нарығын дамытудың макроэкономикалық трендтері; - Қазақстан Республикасының облигациялар нарығы; - инвесторлар дискуссиясы; - Ресей, Украина, Беларуссия, Кавказ аймағының елдері, Орта Азия елдерінің борыштық нарығының арнайы секциялары. Іс-шараның бағдарламасымен– http://cbonds-congress.com/events/405/agenda мекен-жайында толық танысуға болады. ТМД және Балтика облигациялық конгресі – Ресей, Украина, Беларуссия, Кавказ аймағының елдері, Орта Азия елдерінің және басқа да дамушы елдердің борыштық нарығының кәсіби мамандарын жинаушы жыл сайынғы шара болып табылады. Қазақстан Республикасынан қатысу үшін жеңілдік қарастырылған – 400 еуро. Мына сілтеме бойынша http://cbonds-congress.com/events/405/registration/ тіркелуге болады. Қосымша ақпаратты Cbonds өкілдерінен ала аласыз: - қатысу мәселесі бойынша – Ксения Воронина (Арделян): ka@cbonds.info, +7 (812) 336-97-21*132; - демеушілік мәселесі бойынша – Сергей Зобов: szobov@cbonds.info, +7 (812) 336-97-21 *103. [2018-05-29]