"АТФБанк" АҚ "Досжан темір жолы (ДТЖ)" АҚ өзінің KZ2C0Y23B676 (KZ2C00000701, DTJLb1) облигациялары бойынша 12-ші купоны бойынша өсімақы төлегені туралы хабарлады
22.05.18 12:00
/KASE, 22.05.2018/ – "Досжан темір жолы (ДТЖ)" АҚ (Астана)
KZ2C0Y23B676 (KZ2C00000701, KASE балама сауда-саттық алаңы,
"буферлік" санаты, DTJLb1) инфрақұрылымдық облигацияларының ұстаушы
өкілі болып табылатын "АТФБанк" АҚ (Алматы, әрі қарай цитатада – Банк),
биржаға төмендегі ресми хат жолдады:
цитата басы
2005 жылдың 20 шілдесінде Банк пен "Досжан темір жолы (ДТЖ)" АҚ (бұдан
әрі – эмитент) арасында жасалған облигацияларды ұстаушылардың
мүдделерін қорғау туралы №2 Келісім-шарт негізінде 2018 жылдың 18
мамырына дейін Эмитент барлық облигацияларды ұстаушыларға 274 күнге
(әрбір мерзімі өткен күн үшін) "АТФБанк" АҚ төлеу агенті арқылы 12-ші
купондық сыйақы үшін 100 316 555,96 теңге өтемақы төлегені туралы
хабарлады.
ҰСН KZ2C0Y23B676 облигациялары бойынша 12-ші купондық кезеңге
міндеттеме өсімақымен қоса толық өтелгені туралы хабарлады.
цитата соңы
[2018-05-22]