"Halyk Finance" АҚ "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ міндеттемелерін басқару бойынша кешенді транзакцияларын табысты аяқтағаны туралы хабарлады

18.05.18 10:57
/KASE, 18.05.18/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) мүшесі болып табылатын "Қазақстан Халық банкінің еншілес ұйымы "Halyk Finance" АҚ (Алматы, тақырыптамада - "Halyk Finance" АҚ) Қазақстан қор биржасына төмендегі туралы хабарлады: ... "Қазақстан Халық банкінің еншілес ұйымы "Halyk Finance" АҚ (тақырыптамада - "Halyk Finance" АҚ ) "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ (КМГ) өзінің міндеттемелерін басқару бойынша кешенді транзакцияларын табысты аяқтағаны туралы хабарлады. 03 сәуірде КМГ және KMG FINANCE SUB B.V. ("KMG Finance") өтеу мерзімі 2020, 2021, 2025 және 2043 жылдардағы және жиынтық өтелмеген номиналдық көлемі $3,14 млрд (әрі қарай бірге – "Облигациялар") КМГ Еурооблигацияларын ұстаушыларға аталмыш облигацияларды мерзімінен бұрын өтеу мүмкіндігін енгізу мақсатымен Облигацияларды өзгертуге келісім беру сұранысымен жүгінді. Сонымен, Облигациялардың аталмыш шығарылымы бойынша минималды кворум – айналымда орналасқан шығарылымның жалпы көлемінен 75% – жоғарыда көрсетілген мәселелер бойынша Облигацияларды ұстаушылардың дауыс беруі үшін оферта ашылған күннен бастап 2 аптадан кейін игерілді. ... Баспасөз хабарламасының толық нұсқасымен KASE интернет-сайтында – http://kase.kz/files/emitters/HFIN/hfin_reliz_180518_1.pdf мекен-жайында танысуға болады. [2018-05-18]