2018 жылдың 15 мамырынан бастап Қазақстан қор биржасында "ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" АҚ F_RDGZ1806 және F_RDGZ1809 фьючерстері және KZ1C51460018 (KZ000A0KEZQ2, RDGZ) жай акцияларымен сауда-саттық тоқтатылды

15.05.18 18:24
/KASE, 15.05.18/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) 2018 жылдың 15 мамырындағы шешімімен "ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" АҚ (Астана) KZ1C51460018 (KZ000A0KEZQ2, RDGZ) жай акцияларына фьючерстер бойынша 2018 жылдың маусым айында (F_RDGZ1806) және 2018 жылдың қыркүйек айында (F_RDGZ1809) сауда-саттық тоқтатылды. Аталмыш қаржы құралдары KASE сауда-саттық жүйесінен шығарылды. Басқарманың 2018 жылдың 15 мамырындағы осы шешімімен "ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" АҚ жай акцияларына фьючерс маманданымының күші жойылған деп танылсын. [2018-05-15]