NOSTRUM OIL & GAS PLC Компаниясы өзінің 2018 жылдың бірінші тоқсанына жаңартылған операциялық қызметінің нәтижелері туралы мәлімдеді

02.05.18 11:26
/KASE, 02.05.18/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, NOSTRUM OIL & GAS PLC Компаниясы (Лондон), биржаға 2018 жылдың 30 сәуірінде баспасөз мәлімдемесін ұсынды. ... Каспий маңы бассейні кен орнындағы мұнай газ кен орындарын барлау және өңдеу, мұнай және газды өндірумен айналысатын Nostrum Oil & Gas PLC (LSE: NOG) ("Nostrum" немесе "Компания"), 2018 жылдың 31 наурызына аяқталған үш айына жылдық есебімен бірге жылдық қаржылық есебін жариялады. Негізгі өндірістік және қаржылық көрсеткіштер: Операциялық көрсеткіштер - 2018 жылдың 1 тоқсанында орташа тәуліктік түсім тәулігіне 32 946 баррель мұнай баламасын құрады. - 2018 жылдың 1 тоқсанында сату көлемі 30 874 баррель мұнай баламасын құрады Қаржылық - Түсім 94 миллион АҚШ доллары көлемінде күтілуде (2017 жылдың I тоқсаны: 111,9 миллион АҚШ доллары). - Ақшалай позияция 130 миллион АҚШ доллары көлемінде (2017 жылға: 127 млн. АҚШ долл.) - Жалпы қарызы 1 125 млн. АҚШ долларынан аспайды деп күтілуде, таза түсім 2018 жылдың 31 наурызында 995 миллион АҚШ доллары. ... Баспасөз мәлімдеменің толық нұсқасымен KASE интернет-сайтында: - орыс тілінде – http://kase.kz/files/emitters/GB_NTRM/gb_ntrm_reliz_300418_1.pdf - ағылшын тілінде – http://kase.kz/files/emitters/GB_NTRM/gb_ntrm_reliz_300418_eng_2.pdf мекен-жайында танысуға болады. [2018-05-02]