"ARLAN WAGONS" ЖШС KZ2P0Y04F807 (KZ2P00004245, ARWAb2) облигациялары KASE ресми тізімінің KASE негізгі сауда-саттық алаңының "облигациялар" санатына 28 сәуірінен бастап енгізілді

28.04.18 17:04
/KASE, 28.04.18/ – Бұрын хабарлағандай, бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясының 2018 жылдың 27 сәуіріндегі шешімімен "ARLAN WAGONS" АҚ (Алматы) KZ2P0Y04F807 (KZ2P00004245; 1 000 тенге, 1,0 млрд тенге; 28.04.18 – 28.04.22; жартыжылдық купон, жылдық 10,00 %; 30/360) облигациялары KASE ресми тізімінің балама сауда-саттық алаңының "облигациялар" санаты бойынша енгізуге келісім берілді. Листингілік комиссиясының аталмыш шешімі 2018 жылдың 28 сәуірінен бастап, эмитенттің Листингілік ережелерінің 5 тарауының 1 тармағы 2.2 қосымшасында анықталған шарттарды орындауына байланысты, күшіне енгізілді. Сондай-ақ, аталмыш облигациялардың биржадағы сауда-саттығы ашылғаны туралы қосымша хабарланады. Аталмыш облигациялардың қаржылық кеңесшісі және аталмыш облигациялардың ұстаушы өкілі "Еуразиялық Капитал" АҚ (Алматы) (Алматы) болып табылады. "ARLAN WAGONS" ЖШС қаржылық кеңесшісі "Фридом Финанс" АҚ (Алматы) болып табылады. Аталмыш облигацияларға тиісінше ARWAb2 қысқартылған белгілері (сауда- саттық кодтары) берілді. Аталмыш облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпаратпен KASE интернет-сайтында http://kase.kz/ru/bonds/show/ARWAb2 мекен- жайында танысуға болады. [2018-04-28]