"Жетісу" зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асырушы ұйым" АҚ KZ1C32750016 (KZ1C00001551, JSCP) жай акциялары KASE балама сауда-саттық алаңының "акциялар" санаты бойынша листинг процедурасынан өтті

27.04.18 18:45
/KASE, 27.04.18/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясының 2018 жылдың 27 сәуіріндегі шешімімен "Жетісу" зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асырушы ұйым" АҚ (Алматы, әрі қарай – "Жетісу" ООИУПА) KZ1C32750016 (ISIN – KZ1C00001551) жай акциялары KASE балама сауда-саттық алаңының стандарт санаты бойынша листинг процедурасынан өтті. Эмитенттің "Листингілік ережелер" атты KASE ішкі құжатының 2.2 қосымшасының 5 тарауы 1 тармағында анықталған шарттарды орындағаннан кейін күшіне енеді. Сондай-ақ, аталмыш акциялардың биржадағы сауда-саттығы ашылғаны туралы қосымша хабарланады. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің бағалы қағаздарды 2008 жылдың 23 желтоқсанындағы мемлекеттік тіркеу туралы куәлігіне сәйкес, шешімімен "Жетісу" ООИУПА АҚ акцияларының саны 131 250 жай акцияға бөлінген, оған KZ1C32750016 ұлттық сәйкестендіру номері берілген. Шығарылым эмиссиялық бағалы қағаздардың мемлекеттік тізбесіне A3275 номерімен енгізілген. "Joint Resources" АҚ қаржылық кеңесшісі - "Банк ЦентрКредит" АҚ Еншілес ұйымы "BCC Invest" (Алматы). Аталмыш акцияларға тиісінше JSCP қысқартылған белгілері (сауда-саттық кодтары) берілді. "Жетісу" ООИУПА АҚ негізгі қызмет түрі: инвестициялық қызмет, жобаны қаржыландыру, маркетинг қызметі, франчайзинг, шаруашылық етуші субъектілердіің активтерін басқару. Аталмыш акцияларды шығару туралы нақты ақпарат Листингілік комиссияның аталмыш шешімі күшіне енген соң KASE интернет-сайтында жарияланады. [2018-04-27]