Ұлттық Банк "Кристалл Менеджмент" АҚ акцияларының 2017 жылдың 08 қазанынан 2018 жылдың 07 сәуіріне дейінгі кезеңде орналастырылмағаны туралы есебін назарына алды

27.04.18 12:38
/KASE, 27.04.18/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Кристалл Менеджмент" АҚ (Астана, әрі қарай – компания), биржаға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (Ұлттық Банк) 2018 жылдың 23 сәуіріндегі хатының көшірмесін ұсынды, онда: - Ұлттық Банк компанияның акцияларының 2017 жылдың 08 қазанынан 2018 жылдың 07 сәуіріне дейінгі кезеңде орналастырылмағаны туралы ақпаратты назарға алды; - 2018 жылдың 08 сәуіріндегі жағдай бойынша компанияның 10 200 000 жай акциясы орналастырылмаған. Аталмыш хат KASE интернет-сайтында жарияланды – http://kase.kz/files/emitters/CRMG/crmg_placement_results_230418_CRMG_18518.pdf [2018-04-27]