KASE Директорлар кеңесі биржа мүшелерінен Шет елдік валюталар нарығы жөніндегі комитет мүшелерінің құрамын бекітті

15.03.18 17:01
/KASE, 15.03.18/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Директорлар кеңесі 2018 жылдың 14 наурызындағы шешімімен биржа мүшелерінен шешім қабылдаған күннен бастап, уәкілеттік мерзімі бір жылға Шет елдік валюталар нарығы жөніндегі комитет мүшелерінің құрамын бекітті: 1) Алтынбек Жасұлан Қайратұлы, "Қазақстан Халық Жинақ банкі" АҚ Қазынашылық сауда операциялары басқармасының бастығы; 2) Даутбаев Асыл Бахитович, "ForteBank" АҚ Қазынашылық бағытының директоры; 3) Зиналиев Анвар Рустамович, Евразиялық даму банкінің Қазынашылық аға трейдері; 4) Изотов Ильяс Шаяхметович, "Сбербанк России" АҚ Еншілес Банкінің Қазынашылық Басқармасының директоры; 5) Казиев Аскар Рустемович, "Банк ЦентрКредит" АҚ қазынашылық депратаментінің дилинг бөлімінің бастығы; 6) Попов Евгений Владимирович, "Kaspi Bank" АҚ Қазынашылық директоры. Комитет туралы Қағидаға сәйкес шет елдік валюталар бойынша оның құрамына кіретіндер: - Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің екі өкілі; - KASE Басқармасының шет елдік валютамен мәмілелер бойынша есептеу жүргізу мәселелерін басқарушы бір мүшесі; - KASE мүшелерінің алты өкілі. Шет елдік валюталар нарығы жөніндегі комитет мүшелерінің жаңартылған құрамы KASE интернет-сайтында таяу күндері http://www.kase.kz/ru/authorities мекен-жайында жарияланады. Шет елдік валюталар нарығы жөніндегі комитет туралы қағида KASE интернет-сайтында http://www.kase.kz/files/normative_base/currency_com.pdf мекен-жайында жарияланады. [2018-03-15]