"Scipio" АҚ өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2018 жылдың 01 сәуіріндегі жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды
17.04.18 11:30
/KASE, 17.04.18/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде
тұрған, "Scipio" АҚ (Алматы, бұдан әрі – компания) биржаға өзінің акцияларын
ұстаушылардың тізілімі жүйесінің 2018 жылдың 01 сәуіріндегі жағдай бойынша
үзінді көшірмесін ұсынды.
Үзінді көшірмеге сәйкес:
- компанияның жарияланған KZ1C60150014 жай акцияларының жалпы саны 100 000 000
дана;
- компанияның 1 000 000 жай акциялары орналастырылған;
- компанияның орналастырылған акцияларының бес және одан аса пайызы
көлеміндегі санына иеленген жалғыз тұлға Д.С.Иманбекова болып табылады, оның
меншігінде 302 975 жай акциясы (компанияның орналастырылған акцияларының жалпы
санынан 30,30%) бар.
[2018-04-17]