KASE Директорлар кеңесі 2017 жылға "Қазақстан қор биржасы" АҚ қаржылық есептілігін алдын ала бекітті

12.04.18 14:36
/KASE, 12.04.18/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Директорлар кеңесі 2018 жылдың 11 сәуірінде келесі шешімдерді қабылдады. 1. 2017 жылдың 31 желтоқсанына аяқталған "Қазақстан қор биржасы" АҚ аудиттелген шоғырландырылған және жекелеген қаржылық есептілігін алдын ала бекітілсін. 2. Биржа акционерлерінің жылдық жалпы жиналысына 2017 жылдың 31 желтоқсанына аяқталған "Қазақстан қор биржасы" АҚ аудиттелген шоғырландырылған және жекелеген қаржылық есептілігін бекітуге нұсқау берілсін. [2018-04-12]