/ҚАЙТАЛАУ/ 16 сәуірден бастап Банк ВТБ (БАҚ) RU000A0JP5V6 (RU_VTBR) және "Астана Банкі" АҚ KZ1C56630011 (KZ1С00001023, ABBN) жай акцияларымен сауда-саттық Қазақстан қор биржасында Т+2 есептеу сызбасымен жүргізіледі

16.04.18 10:22
/KASE, 16.04.18, 06.04.18 жаңалығын қайталау/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының 2018 жылдың 05 сәуіріндегі шешімімен Мәмілелер бойынша клирингтік қызметті жүзеге асыратын қор нарығының қаржы құралдарының тізіміне келесі бағалы қағаздар енгізілді: - Банк ВТБ (БАҚ) RU000A0JP5V6 (KASE негізгі сауда-саттық алаңы, "премиум" санаты, RU_VTBR) жай акциялары; - "Астана Банкі" АҚ KZ1C56630011 (KZ1С00001023, KASE негізгі сауда- саттық алаңы, "премиум" санаты, ABBN) жай акциялары. KASE Басқармасының осы шешімімен 2018 жылдың 16 сәуірінен бастап аталмыш акциялармен мәміле Биржада есептеу Т+2 сызбасы бойынша клиринг қызметін пайдалана отырып, жүргізіледі. Мәмілелер бойынша Биржа клирингтік қызметті жүзеге асыратын, қор нарығының қаржы құралдарының тізімінен енгізу Тәртібі KASE интернет- сайтында http://www.kase.kz/files/normative_base/order_instruments.pdf мекен- жайында жарияланған. Қаржы құралдарымен мәміле бойынша клирингтік қызметті жүзеге асыру ережесі KASE интернет-сайтында http://www.kase.kz/files/normative_base/clearing_rules.pdf мекен-жайында жарияланған. [2018-04-16]