"Цеснабанк" АҚ KZP02Y07C366 (KZ2C00001550, TSBNb8) облигациялары айналыста болу мерзімі аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен шығарылды

13.04.18 10:18
/KASE, 13.04.18/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) "Цеснабанк" АҚ (Астана) KZP02Y07C366 (KZ2C00001550, KASE негізгі сауда-саттық алаңы, "облигациялар" санаты, TSBNb8, 1 теңге, 5,5 млрд теңге; 13.04.11 – 13.04.18; жартыжылдық купон, жылдық 8,00 %; 30/360) облигациялары айналыста болу мерзімі аяқталуына байланысты 2018 жылдың 13 сәуірінен бастап KASE ресми тізімінен шығарылғаны туралы хабарлайды. Аталмыш облигациялар KASE ресми тізіміне 2011 жылдың 14 маусымынан бастап "рейтингілік бағасы бар борыштық бағалы қағаздар" секторына енгізілген, 2017 жылдың 01 маусымынан бастап KASE ресми тізімінің негізгі сауда-саттық алаңының "облигациялар" санатында орналасқан. Олардың сауда-саттықтары 2011 жылдың 23 маусымынан бастап ашылған. [2018-04-13]