KASE ЖӘНЕ МӘСКЕУ ҚОР БИРЖАСЫ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ОРНАТУ НИЕТІ ТУРАЛЫ КЕЛІСІМГЕ ҚОЛ ҚОЙДЫ

10.04.18 18:22
/KASE, 10.04.18/ – "Қазақстан қор биржасы" АҚ (KASE) және "Мәскеу Биржасы" БАҚ (тақырыптамада және әрі қарай – Мәскеу Биржасы) Мәскеуде өткен Биржалық форум аясында стратегиялық ынтымақтастық орнату ниеті туралы келісімге (әрі қарай – Келісім) қол қойды. Бұл Келісім Бірыңғай Еуразиялық экономикалық кеңістікті дамыту және Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) мүшелері-қаржы нарығының мемлекеттерін қалыптастыруға ықпал етуге бағытталған. KASE және Мәскеу Биржасы арасындағы Келісім аясында биржалық нарықты реттеуді жетілдіруге бағытталған ынтымақтастықты дамыту, клирингтік қызметті және орталық контрагенттің қызметін жетілдіру, сондай- ақ Ресей мен Қазақстанның қаржы нарығын реттеу қағидаларын жақындастыру болып табылады. Аталмыш оқиғаға арналған баспасөз хабарламасы KASE интернет- сайтында – http://kase.kz/files/press/kz/10_04_2018_KASE_MOEX_kaz.pdf мекен-жайында жарияланған. [2018-04-10]