"Altyntau Kokshetau" АҚ өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2018 жылдың 01 сәуіріндегі жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды
03.04.18 12:31
/KASE, 03.04.18/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде
тұрған, "Altyntau Kokshetau" АҚ ("Altyntau Kokshetau" АҚ, бұдан әрі –
компания) биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың тізілімі жүйесінің 2018
жылдың 01 сәуіріндегі жағдай бойынша үзінді көшірмесін ұсынды.
Үзінді көшірмеге сәйкес:
- компанияның жарияланған KZ1C60290018 жай акцияларының жалпы саны 400 000
дана;
- компанияның барлық жарияланған акциялары орналастырылған;
- компанияның орналастырылған акцияларының бес және одан аса пайызы
көлеміндегі санына иеленген жалғыз тұлға "КАЗЦИНК" ЖШС болып табылады, оның
меншігінде 399 600 жай акциясы (компанияның орналастырылған акцияларының жалпы
санынан 99,90%) бар.
[2018-04-03]