09 СӘУІРДЕН БАСТАП ҚАЗАҚСТАН ҚОР БИРЖАСЫ KASE STARTUP АЛАҢЫН ІСКЕ ҚОСАДЫ

03.04.18 10:59
/KASE, 03.04.18, баспасөз хабарламасын жариялау туралы ақпарат қосылды/ – Қазақстан қор биржасы (KASE немесе Биржа) 2018 жылдың 09 сәуірінде Биржа "KASE Startup" алаңын іске қосады. KASE Startup дегеніміз – интернет-алаң, оның негізгі мақсаты - стартап- компаниямлар мен инвесторлар арасында коммуникация орнату болып табылады. Сонымен қатар, инвесторлардың стартап-компанияларды қаржыландыру аясында мәміле жасауы KASE сауда-саттық инфрақұрылымын пайдалану арқылы және тараптар арасында тікелей жүруі мүмкін. KASE Startup алаңының қызметі "KASE Startup алаңына жіберілу ережесі" және "Мәміле жасау тәртібі және KASE Startup алаңында есептеулерді іске қосуды жүзеге асыру туралы қағидасы" атты Биржаның ішкі құжаттарымен реттеледі. Аталмыш құжаттармен мына мекен-жайда танысуға болады: - http://kase.kz/files/mix/rules_startup.pdf - http://kase.kz/files/mix/regulation_deals_settlements_startup.pdf Алаңда келесі қатысушылардың санаты болады: - стартаптар – ЖШМ ұйымдастыру-құқықтық нысанындағы заңды тұлғалар; - инвесторлар – жеке және заңды тұлғалар; - аккредитацияланған алаң мүшелері – алаңға жіберу кезінде стартаптарға қолдау көрсететін жеке және заңды тұлғалар (менторлар, бизнес- инкубатор және т.б). KASE Startup алаңының міндеттері: - стартап туралы ақпараты бар мәліметтер базасын құру; - әлеуетті инвесторлардың мәліметтер базасын құру; - корпоративтік басқаруға оқыту және бастаушы кәсіпкерлердің кеңесі; - ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығына шығу арқылы қаржыландыру алуға стартап әзірлеу. Для размещения информации о стартап-компаниялар, олардың арасындағы коммуникация және әлеуетті инвесторлар туралы ақпарат орналастыру үшін, сондай-ақ тиісті ақпаратты орналастыру үшін 2018 жылдың 09 сәуірінде Биржа іске қосатын арнайы интернет-ресурс әзірленді. Интернет- ресурсты іске қосу жөнінде қосымша хабарланады. Аталмыш оқиғаға арналған баспасөз хабарламасының орыс тіліндегі нүсқасы KASE интернет-сайтында http://kase.kz/files/press/ru/02_04_2018_KASEstartup.pdf мекен-жайында жарияланған. [2018-04-03]