"КазТрансГаз Аймақ" АҚ өзінің XS1273497385 (XS1273497385, KTGAe1) облигациялары бойынша бесінші купонын төлегені туралы хабарлады
27.03.18 17:20
/KASE, 27.03.18/ - "КазТрансГаз Аймақ" АҚ (Астана) 2018 жылдың 26 наурызында
өзінің XS1273497385 (XS1273497385, негізгі сауда-саттық алаңы KASE,
"облигациялар" санаты, KTGAe1) облигациялары бойынша бесінші купондық сыйақысын
төлегені туралы Қазақстан қор биржасына (KASE) хабарлады.
Аталмыш хабарламаға сәйкес төленген сыйақының мөлшері 187500000 теңгені құрады.
[2018-03-27]