Ұлттық Банк "Tengri Bank" АҚ акцияларының 2017 жылдың 06 қыркүйегінен 2018 жылдың 05 наурызына дейінгі кезеңде орналастырылмағаны туралы есебін назарына алды

26.03.18 16:27
/KASE, 26.03.18/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Tengri Bank" АҚ (Алматы, әрі қарай – компания), биржаға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (Ұлттық Банк) 2018 жылдың 16 наурызындағы хатының көшірмесін ұсынды, онда: - Ұлттық Банк компанияның акцияларының 2017 жылдың 06 қыркүйегінен 2018 жылдың 05 наурызына дейінгі кезеңде орналастырылмағаны туралы ақпаратты назарға алды; - 2018 жылдың 05 наурызындағы жағдай бойынша компанияның 77 959 184 жай акциясы орналастырылмаған. Аталмыш хат KASE интернет-сайтында жарияланды – http://kase.kz/files/emitters/DNBN/dnbn_placement_results_160318_DNBN_1626.pdf [2018-03-26]