"Казкоммерцбанк" АҚ 2017 жылға қаржылық нәтижелері туралы хабарлады

20.03.18 17:45
/KASE, 20.03.18/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Казкоммерцбанк" (Алматы), Қазақстан қор биржасынп 2018 жылдың 20 наурызындағы төмендегі баспасөз хабарламасын ұсынды: цитата басы Казкоммерцбанк ("ККБ" немесе "банк") ХҚЕС талаптарына сәйкес құрылып шоғырландырылған қаржы есептілігіне негізделген 2017 жылғы 12 айдағы қызметінің нәтижелерін жариялады. «Казкоммерцбанктің 2017 жылғы жағымсыз қаржы нәтижесі осыған дейінгі есептік кезеңдерде орын алған шығындардың техникалық бейнесі болып табылады. Негізгі акционердің ауысуы мен еліміздің ең ірі қаржы тобының құрамына кіруінің нәтижесінде 2017 жылдың екінші жартыжылдығында Казкоммерцбанктің капиталына рекордтық сомада қаржы құйылды. Осының арқасында Казкоммерцбанк банк нарығында өз қызметін белсенді түрде қайта бастап, 2017 жылғы 5 шілдеден бастап 31 желтоқсанға дейінгі кезеңді 6,6 млрд. теңге көлеміндегі пайдамен аяқтады. Сонымен қатар, Qazkom 2018 жылдың екінші жартыжылдығында негізгі Halyk Bank-пен қарқынды бірігуге әрі клиенттерімізге үйреншікті болып кеткен өзінің озық жобалары мен жоғары технологиялы банк сервистерін ары қарай дамытуға бет алды», - деді өз сөзінде Казкоммерцбанктің басқарма төрағасы Ульф Вокурка. цитата соңы Баспасөз хабарламасының толық нұсқасымен KASE интернет-сайтында – http://www.kase.kz/files/emitters/KKGB/kkgb_reliz_200318_1.pdf мекен- жайында жарияланды. [2018-03-20]