31 қаңтардан бастап "Казкоммерцбанк" АҚ KZ1P00400211 (KZ0005416453, KKGBp) артықшылықты акцияларын олардың KZ1C00400016 (KZ000A0JC858, KKGB) жай акцияларына айырбасталғанына байланысты KASE ресми тізімінен шығарылды

20.03.18 16:43
/KASE, 20.03.18/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) "Казкоммерцбанк" (Алматы, әрі қарай – банк) KZ1P00400211 (KZ0005416453, KASE негізгі сауда-саттық алаңы, "стандарт" санаты, KKGBp) артықшылықты акциялары KZ1C00400016 (KZ000A0JC858, KASE негізгі сауда-саттық алаңы, "стандарт" санаты, KKGB), жай акцияларына айырбасталғанына байланысты, KASE ресми тізімінен шығарылды. KASE компаниядан келесі құжаттарды алды: - Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінде 2018 жылдың 12 наурызында тіркелген акциялардың шығарылымына өзгертулер мен толықтырулар,– http://www.kase.kz/files/emitters/KKGB/kkgbf9_izm_120318.pdf - 2018 жылдың 12 наурызындағы бағалы қағаздардың шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінің көшірмесіне сәйкес компанияның жарияланған акцияларының саны KZ1C00400016 24 175 000 000 жай акцияны құрады. Банк 2018 жылдың 20 наурызындағы жағдай бойынша оның артықшылықты акциялары айналымда жоқ екендігін 2018 жылдың 20 наурызындағы хатпен растады. Бұл шешім "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ биржаға ұсынған Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (Ұлттық Банк) 2018 жылдың 30 наурызындағы операцияларды есепке алу жүйесінде орналастырылған артықшылықты акцияларды жай акцияларына айырбастау туралы жазба енгізу жөнінде хатын жолдады. Жоғарыда аталған негізінде және "Листингілік қағидалар" атты KASE ішкі құжатының 2.2 қосымшасының 3 тарауы 6) тармағы 3) тармақшасына сәйкес компанияның артықшылықты акциялары делистингілеуге жіберілді. Артықшылықты акциялар 2001 жылдың 28 желтоқсанынан бастап, KASE ресми тізімінің "А" санатына енгізілді, 2017 жылдың 01 маусымынан бастап KASE негізгі алаңының "стандарт" секторында орналасқан. Олардың сауда- саттығы 2002 жылдың 08 қаңтарынан бастап ашылды. [2018-03-20]