"Standard Life" өмірді сақтандыру компаниясы" АҚ 2018 жылдың 06 сәуірінде акционерлердің жылдық жалпы жиналысын өткізетіні туралы хабарлады

13.03.18 16:45
/KASE, 13.03.18/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Standard Life" өмірді сақтандыру компаниясы" АҚ (Алматы), акционерлерінің 2018 жылдың 06 сәуірінде сағат 15-00-де жылдық жалпы жиналысын өткізетіні туралы биржаға хабарлады. Жиналыс туралы толық ақпарат KASE интернет-сайтында http://kase.kz/files/emitters/SKSL/sksl_annual_shareholders_meeting_info_060418_198.PDF мекен-жайында жарияланған. [2018-03-13] ]