"Қазақстан Даму Банкі" АҚ 2019 жылдың бірінші жартыжылдығында Қарағандыда ҚДБ қаржыландыруымен ферроқорыту зауытын салу жоспарлануда туралы хабарлады

02.03.18 14:40
/KASE, 26.02.18/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Қазақстан Даму Банкі" АҚ (Астана) баспасөз хабарламасын ұсынды: цитата басы "Қазақстан даму банкі" АҚ ("Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ-ның еншілес ұйымы, бұдан әрі – ҚДБ, Банк) Қарағанды қаласында өндірістік қуаты жылына 96 000 тонна ферросилиций өндіру зауытының бірінші кезегін салу (бұдан әрі – Жоба) мақсатында «YDD Corporation» ЖШС (бұдан әрі – Компания) 11 жыл мерзіммен 24 млрд 120 млн теңгеге дейінгі сомада кредит желісін ашты. Жобаның жалпы құны 34 млрд 150 млн теңге, қарыз алушының Жобаны қаржыландыруға өзінің қатысуы үлесі – 10 млрд 30 млн теңге. ҚДБ қарыз қаражатын ҚР индустриялық-инновациялық дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде ұлттық валютамен береді. цитата соңы Баспасөз хабарламасының толық нұсқасымен KASE интернет-сайтында – http://kase.kz/files/emitters/BRKZ/brkz_reliz_020318_1.pdf мекн-жайында танысуға болады. [2018-03-02]