KASE таңертеңгілік сессиясы: USDKZT_TOМ = 319,23

19.02.18 11:41
/KASE, 19.02.2018 / – Қазақстан қор биржасында (KASE) есептесуі Т+1 теңгемен (USDKZT_TOМ) АҚШ доллары бойынша, есептесуі T+0 теңгемен (EURKZT_TOD) еуро бойынша таңертеңгілік сауда-саттық сессиясы аяқталды. Аталмыш құралдар үшін осы сессия негізгі болып табылады. Сауда-саттыққа KASE валюталық нарығының 17 мүшесі қатысты. Бүгін Қазақстан қор биржасында 19 ақпан АҚШ-та мейрам күні (Джордж Буштың туған күні) және 2018 жылдың 15-21 ақпан аралығында Қытай Халық Республикасында (Көктем мерекесі) мейрам күні болғандықтан есептесуі Т+0 теңгемен есептесуі (USDKZT_TOD) АҚШ доллары бойынша, есептесуі Т+0 теңгемен еуро бойынша (EURUSD_TOD) және T+0 теңгемен қытай юані бойынша (CNYKZT_TOD) сауда-саттық жүргізілмейді. Есептесуі T+1 теңгемен АҚШ долларының орташа сараланған бағамы бір долларға 319,23 теңгені (-1,10 теңге) құрады, ал сауда-саттық көлемі – 23 900 мың USD болды. Есептесуі T+0 теңгемен еуро бойынша мәмілелер жасалған жоқ. Сессия жабылар сәтте баға белгілеулер болған жоқ Осы хабарламада аталмыш трендтердің барлығы алдыңғы таңертеңгілік сессиямен салыстырмалы түрде берілген. Егер алдыңғы таңертеңгілік сессияда тиісті қаржы құралы бойынша мәмілелер жасалмаса немесе олардың сауда-саттығы өткізілмесе, тренд көрсетілмейді. [2018-02-19]