/ҚАЙТАЛАУ/ "Бағалы қағаздардың бірыңғай тіркеушісі" акционерлік қоғамы 2018 жылдың 01 қаңтарынан бастап электронды құжат айналымы сервисінің іске қосылғаны туралы хабарлайды

19.02.18 09:27
/KASE, 19.02.18, 05.02.18 жаңалығын қайталау/ – "Бағалы қағаздардың бірыңғай тіркеушісі" АҚ Қазақстан қор биржасына (KASE) төмендегі ақпараттық хабарламаны ұсынды: цитата басы Құрметті клиенттер! Бірыңғай тіркеуші 2018 жылғы 01 қаңтардан бастап электронды құжат айналымы сервисін іске қосты. https://doc24.kz/ интернет-ресурсында тіркелу арқылы не https://tisr.kz/ интернет-ресурсында "Жеке кабинет" аша отырып, Сіздің бағалы қағаздармен жасалатын мәмілені тіркеу бұйрықтарын офистен немесе үйден шықпай да, Бірыңғай тіркеушіге беруге, есеп құжаттарын алуға, сондай-ақ электронды құжаттарды қабылдау мен орындау процесін бақылауға мүмкіндігіңіз бар. Барлық сұрақтар бойынша Сіздің 8 800 080 88 80 (Қазақстан Республикасының барлық аумағында қалалық телефоннан қоңырау шалу тегін) телефон нөмірі не 8 (727) 272 47 60, ішкі 150, 151, 153 нөмірі бойынша тікелей желі арқылы хабарласуыңызға немесе сайттың «Кері байланыс» бөлімінде сұрақ қоюыңызға, сондай-ақ info@tisr.kz электронды мекенжайына жазуыңызға болады. цитата соңы [2018-02-19]