KASE 2017 ЖЫЛДЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ БОЙЫНША "ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚОР НАРЫҒЫ ЖӘНЕ ОТАНДЫҚ КОМПАНИЯЛАР ҮШІН ЖАҢА МҮМКНДІКТЕР" АТТЫ БАЙҚАУЫН ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ

14.02.18 18:17
/KASE, 14.02.18/ – Бұрын хабарлағандай, 2018 жылдың 14 ақпанында Қазақстан қор биржасы (Биржа немесе KASE) бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері арасында 2017 жылы Қазақстанның қор нарығын және KASE қызметін белсенді жариялаған БАҚ өкілдерін марапаттау рәсімі өтті. "Баспа БАҚ үздік мақала" номинациясы бойынша Александр Воротиловқа ("Forbes Казахстан" журналы) диплом берілді. "Интернет-ресурстағы үздік материал" номинациясы бойынша Валентина Владимирская ("Интерфакс-Казахстан" ақпараттық агенттігі) марапатталды. "Үздік телесюжет" номинациясы бойынша Виктория Кучма (телеканал "Atameken Business Channel") марапатталды. [2018-02-14]