KASE 2017 ЖЫЛДЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ БОЙЫНША ЕРЕКШЕЛЕНГЕН БИРЖА МҮШЛЕРІН МАРАПАТТАДЫ

14.02.18 18:02
/KASE, 14.02.18/ – Қазақстан қор биржасы (KASE немесе Биржа) 2018 жылдың 14 ақпанында Биржаның 2017 жылдың қорытындысы бойынша ерекшеленген Биржа мүшелерін марапаттау рәсімін жасағаны туралы хабарлады. "Жыл андеррайтері" номинациясы бойынша марапатталғандар: - "SkyBridge Invest" АҚ – акциялар нарығында; - "Казкоммерц Секьюритиз" ("Казкоммерцбанк" АҚ ЕБ) – корпоративтік облигациялар нарығында. "Нарық көшбасшысы" номинациясы бойынша: - "Фридом Финанс" АҚ – акциялар; - - "Банк ЦентрКредит" АҚ Еншілес ұйымы "BCC Invest" АҚ – корпоративтік облигациялар; - "Қазақстан Халық Жинақ Банкі" АҚ – мемлекеттік бағалы қағаздар. "Жыл маркет-мейкері" номинациясында: - "Фридом Финанс" АҚ – акциялар нарығында; - "Казкоммерц Секьюритиз" ("Казкоммерцбанк" АҚ ЕБ) және "Қазақстан Халық Жинақ Банкі" АҚ "Halyk Finance" – корпоративтік облигациялар нарығында. "Нарық деривативтерін дамыту үшін" номинациясында "Фридом Финанс" АҚ марапатталды. "Инвесторларды тартудағы елеулі үлесі үшін" номинациясында "Фридом Финанс" АҚ марапатталды. Аталмыш іс-шара бойынша толық ақпаратпен KASE интернет-сайтында http://kase.kz/ru/press_releases/ мекен-жайында танысуға болады. Жеңімпаздар 2017 жылдың қорытындысы бойынша KASE мүшелерін номинацияларда марапаттау үшін анықтау мақсатында құрылған Саараптама кеңесінің шешімімен анықталды. Төменде Сараптама кеңесінің құрамы берілген: 1) А.Ө. Алдамберген (Сараптау кеңесінің төрағасы), KASE Басқарма Төрағасының орынбасары; 2) И.М. Сабитов, KASE Басқарма Төрағасының орынбасары; 3) А.Ю.Цалюк, KASE Басқарма Төрағасының орынбасары; 4) Н.Ю.Хорошевская, KASE Басқарма Төрағасының орынбасары; 5) Қ.Ж.Тұрмағамбетов, KASE Басқармасының мүшесі, бизнесті дамыту бойынша басқарушы директор; 6) Е.Б. Мажекенов, KASE Сауда-саттық Департаментінің директоры; 7) В.С. Литвинов, KASE мониторинг бөлімінің бастығы; Биржаның ішкі құжатымен "Қазақстан қор биржасы" АҚ мүшелерін жыл сайын марапаттау Ережесі" KASE интернет-сайтында http://www.kase.kz/files/normative_base/rules_annual_reward.pdf мекен- жайында танысуға болады. KASE 2002 жылдың қорытындысы бойынша Биржаның ерекшеленген мүшелерін алғаш рет марапаттау өткізген. Алдыңғы жылдардағы номинация дипломанттары туралы KASE интернет-сайтында – http://www.kase.kz/ru/ members_diplomas мекен-жайында танысуға болады. [2018-02-14]